Жастар жылы: Студенттер Елбасының бастамаларын қолдайды


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Қазақстанның әр өңірінде жігерлі, талапты саны жетерлік. Бұл пікірді С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 2-курс студенті Жеңіс Жамашев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеңіс Жамашев айтуынша, әр қалада жігерлі, талапты студенттердің саны жетерлік.

«Дәл осындай адамдар еліміздің дамуына өз үлесін қосып, Қазақстанды әлемдік ареналардан көргісі келеді. Ел президенті өзінің жолдауында Қазақстан әлемнің 30 дамыған мемлекеттер қатарына кіру керек деген еді. Мен осыны Z буыны шындыққа айналдырады деп ойлаймын.», — деді ол.

Сонымен қатар, ол жастар қала мен еліміздің оқиғасына белсене араласа бастағанын атап өтті.

«Егер былтырғы жылды биылғы жылмен салыстырсақ, биыл студенттер қаланың және университеттің көптеген шараларына қатысып жүр. Менің бір топта оқитын достарым барлық жобаларды қолдайды, өйткені біз ол жобалар өз жемісін береді деп сенеміз. Еліміздің көркеюіне жастар зор үлесін қосады Мен барлық студенттерге өз бастамаларын соңына дейін аяқтап, алға қойған мақсаттарына қиындықтарға қарамастан жетіндер дегім келеді», — деді медицина университетінің студенті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының ашылуында Үкіметке волонтерлікпен айналысатын ЖОО студенттерінің шәкіртақысын 30 пайызға арттыруды тапсырды.

Сонымен қатар, Президент «Жас маман» бағдарламасын әзірлеуді жүктеді.

Мұнымен қоса, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын дамытуға қатысты тапсырмалар берілді.

Еламан Тұрысбек


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/zhastar-zhyly-studentter-elbasynyn-bastamalaryn-koldaydy_a3492374”