Алматыда қарқынды дамудың нысаналы моделі жасалды


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласының қарқынды экономикалық дамуына арналған жаңа нысаналы модель дайындады. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа құжат 5 негізгі бағытты өндірістік қуаттарды, импортты алмастыруды дамыту, қызмет көрсету саласының әлеуетін дамыту, бір-біріне байланысты салалар картасын жасау, инфрақұрылымдық бастамаларды іске асыру, туристік әлеуетті дамытуды көздейді.

«Сараптамалар көрсеткендей, Алматы қаласында шағын және орта бизнесті дамытудың болашағы — азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп. Палата осы бағытта бірнеше кезеңнен тұратын жұмыс жасауды жоспарлап отыр. Алдымен, импортты алмастыру үшін ел мүмкіндігін анықтау, оның ішінде әлемдік тәжірибе бойынша зерттеу жүргізіледі. Әлеуетті, көлемді, тарату арналарын, техникалық жабдықтарды көрсететін өндіріс картасы жасалады. Одан кейін азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп салаларында жеткізу тізбегін анықтау жүргізіледі. Пилоттық режимде 10 жобаға қолдау көрсетіледі», — деді Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай.

Оның айтуынша, қызмет көрсету саласында талдау жүргізіліп, 10 жоба іске асады.

«Алматы қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлері үшін бизнес-инфрақұрылымның қажеттіліктерін талдау керек. Талдау қорытындысы бойынша, қазіргі таңда, Алатау мен Наурызбай аудандарында 17 мың балаға мектеп жетпей тұр. Палата осы әлеуметтік нысандарды салу бойынша ұсыныстар әзірлейді», — деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры.

Инфрақұрылымды дамыту үшін көше саудасы дамуының тұжырымдамасы шеңберінде стационарлық емес сауда нысандарының картасын енгізу, «Умный магазин у дома» жобасын жасау, өнеркәсіп кеңсесінің базасын құру жоспарланған.

Туристік әлеуетті дамыту үшін этно мейманханаларға (киіз үйлерге), жазғы шатырлы үйлері, қонақ үйлерге, кемпингтерге және караванингіге арналған бизнес жол парағы жасалады. Бұл парақшаларда бизнесті ашу, дамыту және бизнес туралы толық мәліметтер жазылады.

«Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы бухгалтерлік және салық қызметтерін тікелей базардың қызметтегі нүктелерінде қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Олар кәсіпкерлерге арналған мини-сервистік орталық деп аталады, бүгін олар «Мизам» және «Салем» базарларында орналасқан. Сондай-ақ әкімдікпен келіссөздер жүргізілуде, онда палата өкілі шалғайдағы аудандардың бизнес-бөлімшелерінде болады», — деді бизнесті сервистік қолдау директордың орынбасары Аспена Досмағанова.

Бұдан басқа Алматы кәсіпкерлер Палатасының 2018 жылғы жұмысына қортынды жасалды.

Бағдат Телебай айтқандай, 2018 жылы Алматының ЖАӨ 2,6% өсті (ҚР ЖІӨ-нен 18,9%), негізгі капиталға салынған инвестициялар 21,6% -ға, оның ішінде шикізаттық емес секторда 24,4%-ға өсті.

ШОБ-тің ЖАӨ-гі үлесі 41,6%, ШОБ 5,3%-ға көбейді, өндірілген өнімнің көлемі 12,1% өсті.

«Өткен жылы Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасына 167 шағым түсіп, оның 88-і оң шешімін тапты (52,7%). Палата кәсіпкерлер құқығын қорғап, 1,2 млрд теңге шығыннан сақтады», — деді кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Айтуар Қошмамбетов.

Кәсіпкерлерге былтыр 6711 қызмет офлайн режімде, 3456 қызмет онлайн режімде көрсетілген.

Бизнес мектеп аясында 2 737 кәсіпкер оқытылды.

«Кәсіпорындардың өтініштері бойынша 2018-2019 оқу жылдарына жол картасының дуалды білім беру жүйесі құрылды, оның ішінде 28 колледж бен 101 кәсіпорын бар. Тізімде 1191 дуалдық оқыту шарттары көрсетілген. Ол өткен жылмен салыстырғанда 65%-ға жоғары», — деді Бағдат Телебай.

Туристік әлеуетті дамыту мақсатында «Туризмді дамытудың 100 қадамы» бағдарламасы және жоспары бекітілді.

Осы жоспарға сәйкес, бүгін Алматыда туристік операторлар, жылжымайтын мүлік агенттіктері, қолөнер орталығы, туристерге арналған демалыс орындары орналасқан туристік хаб құрылды. Туристік автобустарға арналған арнайы аялдамалар ұйымдастырылды, қаланың мұражайларында 4 тілді аудиогид іске қосылды.

Бұдан басқа, Алматы даму картасын жасады. Макроэкономикалық көрсеткіштерге сараптама жүргізілді. 7 сала бойынша қаланың 232 кәсіпорнына паспортизация жүргізілді.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/almatyda-karkyndy-damudyn-nysanaly-modeli-zhasaldy_a3497116”