Тұрсын ЖҰРТБАЙ: МАҒАН БҰЙЫРҒАН УАҚЫТТА ЖАЗЫП КЕТСЕМ ДЕЙТІНІМ КӨП

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №9 (373) от 8 мар­та 2017 г.

Серу­ен-сұх­бат


Қаза­қтың қабы­рға­лы қалам­гері, әде­би­ет­ші, тарих­шы ғалым, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры Тұр­сын Жұрт­бай­дың есі­мі оқыр­ман қауы­мға жақ­сы таныс. Бар ғұмы­рын ұлт тарихын зер­де­леп, өске­лең ұрпақтың өзе­гіне сіңіру­ге арнаған ғалым­ның еңбек­тері ел ішін­де үлкен сұра­ны­сқа ие. «Ұра­ным – Алаш», «Бесі­гіңді түзе», «Дулы­ға» секіл­ді терең таным­дық кітап­тар­дың авто­ры, бүгін­де ақсақал жасы­на жет­кен аға Аста­на­дағы «Оты­рар кіта­п­ха­на­сы» секіл­ді үлкен ғылым орда­сын басқа­рып отыр. Ұдайы іс-сапар­да, онан қал­са, ешқа­шан жұмысы­нан қолы боса­май­тын Тұр­сын Құда­кел­діұ­лы көңіл қошы бол­ма­са, онша-мұн­ша сұх­батқа да ашы­ла қой­май­тын жан.

Аста­на­ның ақша­мын­да аға­мен жолы­ғу­дың сәті түсіп, алып-ұшып үйіне бара қалға­ным. Үйіне жете бер­генім сол, тоғыз қабат­ты тұрғын үйдің аула­сын­да шылы­мын шегіп, терең ойға батқан Тұр­сын аға­ны көр­дім.

– Аға, асса­ла­у­маға­лей­кум!

– Уаға­лей­кум… Әй, бауы­рым, жүр еке­уміз аздап серу­ен­деп қай­тай­ы­қ­шы. Бүгін өзі сыр­тқа шық­па­дым. Сен бүгін­ге үшін­ші адам­сың – сұх­бат алуға кеп тұрған.

Ерте көк­тем­нің ызғар­лы желіне қара­ма­стан, кеш­кі шам­да­ры жарқ-жұрқ жанған Аста­на­ның көше­лерін­де біраз серу­ен­деп, әрқи­лы әңгі­ме, тәр­би­елі һәм тағы­лым­ды сөз тың­дап, тарих пен әде­би­ет қай­на­ры­нан сусын­дап қайт­тым.

– Сен қай жақтың бала­сысың? – деп, Тұқаң сұх­бат­ты өзі­ме сұрақ қою­дан баста­ды.

– Өске­мен­нен. Ұлан ауда­ны, Жоғарғы Тай­ын­ты ауы­лы­ның тума­сы­мын.

– Елің кім?

– Көк­жар­лы, Өте­міс…

– Өй, сен дәл кел­дің ғой! Кім­ге айт­сам деп жүр едім. Көк­жар­лы Көк­жал Барақтың Ұлы­та­уды мекен­де­ген жерін тап­тым мен. Сәбит Мұқа­но­втың «Өмір мек­тебінің» үшін­ші томын­да жазы­лған ол тура­лы. Мен соны тап­тым. Ұлы­та­уда Барақты­көл деген болған. Қазір Балы­қты­көл деп ата­ла­ды.

– Иә, аға, білем…

– Біл­сең… Жарай­сың! Мек­теп­ті Өске­мен­нен бітір­дің бе?

– Ия. Қани­па Біті­ба­е­ва­ның шәкір­ті­мін. (Қани­па Біті­ба­е­ва – атақты ұстаз. КСРО Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның иегері – Авт.).

– Оһ-о-оу!… Онда мықты екен­сің! Менің Өске­мен­де екі оқыр­ма­ным бар еді. Бірі – осы Қани­па апаң. Әде­би­ет тео­ри­я­сын, жал­пы әде­би­ет­ті шаша­тын жан еді. Кезін­де өзім­нің «Дулы­ға» атты кіта­бым­ды о кісі­ге сый­лаған едім. Әлгі кітап­ты тал­даған­да, құдай сақ­та­сын! Өзім де бай­қа­маған ойлар­ды шұқып тұрып көр­сет­кен­де, бұл кітап­ты мен емес, Қани­па жазған­дай болып көрі­ну­ші еді.

– Аға, сіздің сол «Дулы­ғаңыз» қазір менің қолым­да. Апа кезін­де маған сый­лап еді: «Сен­де бол­сын» деп.

– Ммм… Екін­ші оқыр­ма­ным – атақты атбе­гі Бошай Кіта­п­ба­ев. Айы­на екі-үш рет теле­фон шала­тын маған. Бір күні «Мен жұмыс­сыз қал­дым» деп звон­да­ды. Сон­дағы­сы «оқи­тын кіта­бым жоқ» дегені ғой. «Сенің кітап­та­ры­ң­ды үш-төрт рет, сызып оты­рып оқы­дым» деп оты­ра­тын. Бір­де сапар­ла­тып Өске­мен­ге барға­ным­да, үйін­де қонақта бол­дым. Кітап­та­рым­ның бетіне, парақта­ры­на қол­дың табы әбден сің­ген екен. Бір­не­ше рет оқы­ға­ны көрініп тұр­ды. Оқыр­ман демек­ші, бір қызық айтай­ын. Маңғы­стау облы­сын­да Боза­шы деген ауыл бар. Бір­де сол ауыл­да жазу­шы­лар­мен кез­де­су өтті. Бар­дық. Кен­же­хан Боқа­ев бар. Ел жинал­ды. Бірақ кез­де­су бастал­май жатыр. Жар­ты сағат өтті.

Содан ұйым­да­сты­ру­шы­ларға барып айт­тым: «Бас­та­саң­дар­шы енді, жиналған жігіт­тер­ге обал ғой» деп. «Ой, аға, қазір бастық келеді. Тоқаң кел­сін…» деп тұр әлгілер. Жарай­ды. Тағы жар­ты сағат өтті. Тағы да барып айт­тым. «Тоқаң кел­сін, күте тұры­ңыз» дей­ді. «Ой, Тоқаң­да­рың кім сон­ша? Жазу­шы­дан үлкен емес шығар?» десем, «О кісі – өзі жазу­шы» – дей­ді біре­уі – Тұр­сын Жұрт­бай деген». Ал керек бол­са. «Тұр­сын Жұрт­бай – мен­мін» десем, сен­бей­ді. Содан куәлі­гім­ді көр­сет­тім. Ұйым­да­сты­ру­шы­лар аң-таң. «Біз сізді үлке-е-ен адам деп жүр­сек…» деп тұр. Ол кез­де оты­здан асқан кезім еді. Міне, бұл оқыр­ман­ның талға­мы ғой. Қазір осын­дай талғам­ды оқыр­ман өте азай­ып кет­ті. Бұл үлкен қасірет… – деп, Тұр­сын аға біраз ойға шомып қал­ды.

– Кезін­де Алек­сандр Блок­пен шығар­ма­шы­лық кез­де­су кеші өткізіліп, соған неба­ры 4 адам кел­ген екен… – деп, мен де әңгі­ме үшін біл­генім­ді айта жөнел­дім. – Содан ұлы Блок төрт-ақ адам екен демей, екі сағат соларға өлең оқы­ған деседі орыс әде­би­етін зерт­те­ушілер. Жазу­шы да өз оқыр­ма­ны­на адал болу керек қой.

– Иә… Әй, айт­пақ­шы, сен осы кім­нің бала­сысың?

– …Әкем­нің бала­сы­мын… – деп, дәл осы тосын сұраққа абды­рап қал­дым – мұн­дай сұрақты есті­ме­гелі қаша-ан. Аң-таң боп қал­дым.

– Минус төрт саған!

– Неге, аға?!

– Атаң­ның неме­се жоқ деген­де, әжеңнің бала­сы бол­саң – бес болар еді. Онсыз да әкеңнің бала­сысың ғой. Бәрі әкесі мен шеше­сінің бала­сы. Бір қызық айтай­ын. Баяғы­да Еура­зия уни­вер­си­тетін­де дәріс оқи­мын. Алдым­да нешетүр­лі сту­дент­тер оты­ра­ды. Содан ылғи менің дәрістерім­де бір қыз бала ұйқы­лы-ояу боп, есі­неп оты­ра­ды. Басын­да үнде­мей жүр­дім. Бір күні сабақтың үстін­де қалғып кет­ті. Жаны­на бар­дым да: «Кім бала­сысың?» – дедім. Селк ете қал­ды. Не деп жау­ап бере­рін біл­мей қалған ғой ол да. «Кім бала­сысың, айт­саң­шы?»… «Әкем­нің…» – деді ол да. «Өтірік айта­сың, көріп тұр­мын. Шыны­ң­ды айт…» – деп қабағым­ды түй­дім. «Әжем­нің бала­сы­мын, әжем қай­тыс болып еді…» деп, боздап кеп жылай сал­ды әлгі қыз. Әже­сінің қолын­да өскен екен. Қалаға оқуға кел­ді, ал ауыл­дан ақша кел­мей­ді. Содан түн­де түн­гі клуб­та дая­шы боп жұмыс істей­ді екен. Қай­те­ді енді?.. «Мала­дес, бес саған!» – дедім. Кей­ін тағы бір жігіт оқы­ды менен. Жүк таси­ды екен сабақтан бос уақыт­та. Ақша табу үшін кей­де сабақтан сұра­на­ды. Түсі­не­мін, боса­та­мын. Өзім­нің де жырғап жүр­генім шама­лы ол кез­де. Жатақ­ха­на­да тұра­мын. Бір күні әлгілер кеп, үйдің кіл­тін сұрап, алып кет­ті. Үйге бар­сам, үй жина­у­лы, дастар­хан жаю­лы деген­дей… Кей­ін біл­дім: менің сту­дент­терім өза­ра кезек­шілік құрып, алма-кезек менің жағ­дай­ым­ды ойлап жүреді екен сыр­тым­нын, – деп, өткен күн­дерін ойлап, бір күліп алды Тұр­сын аға.

Әрине, ұста­здық еткен адам үшін шәкірт­терінің өсіп-өнуі­нен, биік­ке жетуі­нен асқан бақыт бар ма?! Шәкірт­тері ұста­зын ұдайы алқап жүр­гені қан­дай жара­сым­ды жағ­дай.

– Аға, осы сіз ала­шта­ну, әде­би­ет­та­ну сала­сы­ның жілі­гін шаққан адам­сыз ғой. Соңғы кез­де қоғам­да қызу талқы­ға түс­кен бір-екі мәсе­ле бар еді. Солар тура­лы біл­сем деп ем. Бірін­шісі – «Абай жолы» тура­лы. Өткен­де бір ала­шта­ну­шы ғалым «Абай жолы» – Әли­хан Бөкей­ха­но­втың иде­я­сы­мен жазы­лған» деген пікір айтып қал­ды…

– Мен бұдан хабар­дар­мын. Бұл бір араң­да­ту­шы пікір деп ойлай­мын. Иә, Әли­хан – ұлт­тың көсе­мі болған. Ия, Әли­хан – азаттық иде­я­сы­ның авто­ры. Иә, Мұх­тар Әуе­зов Әли­хан мен Ахмет­ті өзіне руха­ни ұстаз, руха­ни көсем, руха­ни әке тұтқан. Алай­да «Абай жолы» Әли­хан­ның иде­я­сы­мен жазыл­ды деген сөз не әде­би­ет­ті, не Әли­ханды, не Мұх­тар­ды сый­ла­май­тын адам­ның сөзі деп біле­мін. Иә, Ахаң­дар жастарға үміт артып, Алаш иде­я­сын ары қарай жалға­сты­ру үшін Мұх­тар мен Әлім­ханға айтқан шығар. Бірақ Мұх­тар Әуе­зов Абай тура­лы жаза­ты­нын ерте ойлап қой­ған. Себебі сол заман­да Әуе­зов үшін одан басқа тақы­рып болған емес. Сол заман­да Абай­дан өзге тақы­рып болған жоқ. Сон­ды­қтан мен бұл пікір­мен келіс­пей­мін.

– Менің айтып оты­рға­ным, қан­ша­ма жас ғалым­дар бар – Ала­шта­ну сала­сы­на, әде­би­ет­та­нуға енді кел­ген, тіп­ті әде­би­ет­тің айна­ла­сын­да жүр­ген жастар бар… Осын­дай пікір­лер­ді оқып алған соң, олар да ертең сол дұрыс екен деп ойлай­ды ғой. Жастар ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін біл­мей дал.

– Дұрыс айта­сың. Бұл өте үлкен мәсе­ле. Қазір­гі жастар сол кез­де­гі шығар­ма­лар­дың қан­дай иде­я­мен, қан­дай прин­циппен жазы­лға­нын біл­мей­ді. Әде­би­ет тео­ри­я­сын былай қоя тұрай­ық. Сәбит Мұқа­но­втың шығар­ма­сын оқы­май, біл­мей жатып, Мұқа­но­вты қара­лай­тын жастар пай­да бол­ды. Шынын айтай­ық, қазір­гі маги­странт­тар, док­то­рант­тар «Абай жолын» оқы­май тал­дай­тын бол­ды. Анау сын­шы, мынау сын­шы­ның пікір­лерін жинап ала сала­ды. Мен таң қала­мын. Әде­би­ет тео­ри­я­сы­ның бар­лық талап­та­ры­на сай келетін екі шығар­ма бар: оның бірі – «Абай жолы», екін­ші – «Ақбілек». Еке­уін­де де сюжет, астар­лы, үсте­ме, қосар­лы сюжет, түр­лі ком­по­нент­тер, тағы­сын тағы тори­я­лық негіз­дер­ге жау­ап беретін бар­лық керекті көр­кем­дік құрал бар. Фило­ло­ги­я­ны бітір­ген жастар осы еке­уін біл­ме­се, қалай әде­би­ет­ші ата­на­ды? Көр­кем шығар­ма­ны тал­дай біл­ме­се, ол қан­дай магистр бола­ды? Осы­ның бар­лы­ғы­на тестілеу деген бәле кінәлі. Абай­ды қан­ша «қысқарт­саң» да, кемін­де 20–30 сұрақ шыға­ды, оның өзін­де бұлар бер жақтағы ғана сұрақтар: өмірі мен шығар­ма­ла­ры­на ғана қаты­сты. Ал әде­би­ет деген кең құлаш тал­дау, сөй­леу, жазу өнері ғой. Қазір­гі док­тор­лар­дың өзі әде­би­ет­ті терең тал­дай­ды деп айта алмай­мын.

– Әуе­зов Мәди тура­лы роман жаз­сам деген арман­да жүр­ді деген сөз рас па, аға?

– Жоқ! Мен толық сенім­мен айта ала­мын. Әуе­зов Алаш иде­я­сы тура­лы «Тұман айы­ға­ды» деген роман жаза бастаған. Оның кон­спект­лік үзін­ділері сақталған.

– Алаш демек­ші, зама­нын­да Ахмет Бай­тұр­сы­нұ­лы латын әлі­п­биіне көшу­ге қар­сы болған деген де дерек бар тарих­та. Бір кез­де­гі бір топ зия­лы қауым өкілі осы­ған қар­сы болып, Ашық хат та жазған еді…

– 1926–27 жыл­да­ры Ахмет Бай­тұр­сы­нұлы­ның латын әлі­п­биіне қар­сы шыққа­ны рас. Бірақ мен оның себебін түсін­дірей­ін. Қазақ әлі­п­биі қай жыл­да­ры қалып­та­сты? 1912–1924 жыл­да­ры ара­лы­ғын­да. Оған дей­ін қазақ тілінің дыбыст­ық мүм­кін­ді­гін аша­тын әлі­п­би болған жоқ. Ара­б­тың әлі­п­биі 17 қаріп­тен тұрған. Және сол кез­де ұлт­тық сөй­леу мәнеріне толы­ққан­ды сай болған жалғыз әлі­п­би – ол Ахмет­тің құра­с­ты­рған әлі­п­биі еді. Енді қадым заман­нан жаңа ғана сау­ат­ты­лы­ққа көшіп жатқан сол кез­де­гі ел қай­та­дан латын қаріп­теріне көш­се, халы­қтың сау­ат­ты­лы­ғы не болар еді? Ахаң халы­қтың жағ­дай­ын ойла­ды. Араб қар­пін­де сау­ат­танған елдің жағ­дайы не болар еді?

– Ал бүгін­гі таң­да латын қар­піне көшу қажет­тілі­гі бар ма?

– Бұл – өте күр­делі әңгі­ме. Түп­тің-түбін­де латын қар­піне көше­міз деп ойлай­мын. Ол өте ауыр бола­ды. Бұл ең алды­мен орыс алфа­ви­ті­нен құты­луға көмек­те­седі. Сон­ды­қтан мен оны қол­дай­мын.

– «Әлі­п­би», «тіл» деп жатыр­мыз. Қазір сөздің қадірі кет­кен-ау деп ойлай­мын. Біз­дер кей­де сөз­дер­дің мағы­на­сын біл­мей қол­да­на бере­міз. Сөздің, сөз тір­кестерінің түп­кі мағы­на­сы­на жет­пе­стен айта бере­міз. Осы қазақ сөз­дері мен сөз тір­кестерінің мағы­на­сын ашу жөнін­де ғылы­ми негіз болу керек секіл­ді…

– Қазақ сөз­дерінің түсін­дір­ме сөзді­гі бар. Онда бар­лық қазақ сөз­дерінің 80 пай­ы­зы қам­ты­лған. Бірақ әлі де қоса­тын, әлі де зерт­тей­тін дүние бар. Мыса­лы, мен өткен­де Тұр­сы­н­хан Зәкенұлы­ның «Көк­бөрінің көз жасы» атты рома­нын оқы­дым.

Содан өзім үшін 300-дей жаңа сөз аштым. Бұл бір қараған­да, менің әредік қол­да­нып жүр­ген сөз­дерім болға­ны­мен, түп­тің-түбін­де зер­де­леп мән бер­мей­міз ғой. Қазір сөздік құрам өзгеріп кет­ті. Енді он-он бес жыл­дан кей­ін не бола­ды екен? Қазір тіп­ті «сөз бай­ла­сы» деген­ді көбі біл­мей­ді.

Әсіре­се сөз қол­да­ныс, сөз төр­кінін біл­ме­ушілік деген дерт­тің әде­би­ет­ке, поэ­зия мен про­за­ға еніп бара жатуы – үлкен қауіп. Жас қалам­гер­лер сөздің мәнін біл­мей, қол­да­на беретін бол­ды. Бір қызық мысал айтай­ын. Қатын деген сөз бар.

Түрік­тер, өзбек­тер, қарақал­пақтар бәрі қатын деп айта­ды. Біз ғана әйел дей­міз. Қатын деген үлкен ста­тус болған. Қатын – ері өлген жағ­дай­да мұра­сы­на ие боп қала­тын адам болған. Ал әйел – ешкім емес. Тіп­ті күңнің де мұраға иелік ету­ге құқы болған. Әйел­де болған емес. «Әйел» деп босаға­да кір жуып жүр­ген­дер­ді айтқан. Ал қазір әйел деп мақта­на­ды, әйел деп табы­на­ды. Өзге түр­кі жұрт­та­ры­ның бәрі қатын деп атай­ды. Біз­ден басқа…

– Ала­шқа қай­та орал­сақ. Ала­шта­ну­да әлі ашыл­маған тұлға­лар көп. Мәсе­лен, Рай­ым­жан Мәр­се­ков. Біздің ғалым­дар Әли­хан, Ахмет­ті зерт­те­уден жалы­қ­пай­ды. Алай­да Ала­штың өзге қай­рат­кер­лері де бар ғой, тіп­ті аты атал­май­тын… Дерек жоқ па, факт жоқ па?

– Мен бұған Жұма­хан Күде­рин­ді қосай­ын­шы. Кім ол? Омар Алма­сов, Ыбы­рай Жай­нақов, Садық Аман­жо­лов, Садық Өте­ге­нов… Бұлар­дың бәрі жай тұлға­лар емес. Хамит Тоқта­мы­шов – Ала­штың алға­шқы әске­ри пол­кін құрып, Кеңес үкі­метіне қар­сы күрес­кен адам. Біздің тұңғыш коман­ди­рі­міз, былай айтқан­да. Сон­ды­қтан біз қазір бұлар­дың өмірі­нен сыр шер­тетін деректер­ді хал-қадірі­міз­ше жина­сты­рып, елге жет­кі­зу­де­міз. Оны ары қарай дамы­тып, зерт­теу – бола­шақтың үлесін­де. Себебі оған тағы да бір өмір керек.

– Сіз екі өлең­дер жинағы­ның авто­ры­сыз. Әде­би­ет­те­гі жолы­ңыз өлең­нен бастал­ды ма?

– Менің бүкіл жан дүни­ем поэ­зи­ядан тұра­ды. Менің «Дулы­ға» бол­сын, өзге де кітап­та­рым бол­сын, аста­рын­да поэ­ти­ка­лық қуат жатыр. Маған кез кел­ген тари­хи дерек тек қана дерек күй­ін­де мүл­дем қызық емес. Оның аста­рын­да ұлт­тың тағ­ды­ры жату керек. Ойлы оқыр­ман өзі түсініп отыр ғой. Маған бұй­ы­рған уақыт аяқта­лып бара­ды ғой: жазып кет­сем деген дүни­е­лерім көп. Соған қолым тимей жүр. Мен 30 жасы­ма дей­ін ғана жазу­шы­лы­қ­пен айна­лы­стым. Одан кей­ін ұлт­тың тарихын зер­де­ле­у­ге бет бұрып кет­тім. Тістеніп жұмыс істе­дім. Менің жазу­шы­лық сезі­мім енді оянған секіл­ді көрі­неді кей­де. Жазу­шы­лық құшта­рым әлі басыл­маған. Құдай қуат бер­се, сол ойдағы дүни­е­лер­ді жазып кет­сем, арма­ным жоқ болар еді…

Тұр­сын аға сөзін осы­лай аяқта­ды. Күй­кі тір­лік­тің күй­беңі көп қой. Емін-еркін, арқа-жарқа болып оты­рып, кең көсіліп әңгі­ме құруға уақыт, шір­кін, тар­шы­лық ете­ді. Тұқаң­ның әңгі­месін тың­дай бер­гің келеді…

– Әй, қай­та­тын да уақыт боп қап­ты ғой! Үйде­гі неме­ре­лер ат қып мінеді қазір. Тағы сұрағың бар ма?

– Жоқ, аға,.. – деп ыңғай­сызда­нып қал­дым.

Сұрақ көп, әрине. Аға­ның уақы­тын да сый­лау керек. Ойдағы дүни­е­лер­ді жазуға Алла көп уақыт бер­се екен деп, іштей тіле­уін тіледім. Аман бол­сақ, Тұр­сын аға әлі талай дүни­е­лер­ді жазар, біз­дер әлі талай-талай сүбелі сұх­бат­тар­дың тиегін ағы­тар­мыз…

Аза­мат ТАСҚАРАҰЛЫ,

Аста­на қала­сы