ЕСКІ МАҢДАЙШАҒА ЖАҒЫЛҒАН «тағы бір қабат бояу» сияқты реформа

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №13 (377) от 06 апре­ля 2017 г.

Әлем не деп жатыр?


Freedom House ұйы­мы­ның жаңа есебін­де «попу­лиз­мнің күше­юі мен демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар­дың құл­ды­ра­уы Еуро­па мен Еура­зи­ядағы тұрақты­лы­ққа қатер төн­діруі», ал Қаза­қстан­дағы билік­ке талас «болжан­бай­тын бағыт­та өрісте­уі мүм­кін» деп жазы­лған. Сарап­шы­лар Аста­на бастаған «өкілет­тілік­тер­ді қай­та бөлу» рефор­ма­сын «қатып қалған авто­крат­тық режим­нің» сыр­тын­дағы ескі демо­кра­ти­я­лық фаса­дқа жағы­лған «тағы бір қабат бояу» деп атай­ды.

Freedom House халы­қа­ра­лық құқық қорғау ұйы­мы өтпе­лі кезең елдерін­де­гі демо­кра­ти­я­ның аху­а­лы тура­лы «Nations in Transit 2017: The False Promise of Populism» (Өтпе­лі кезең елдері–2017: Попу­лиз­мнің алдам­шы уәде­лері) атты жыл сай­ы­нғы есебін жари­я­ла­ды.

Есеп­те зерт­тел­ген 29 елдің жар­ты­сы­нан көбін­де демо­кра­тия рей­тин­гі төмен­де­геніне алаң­да­у­шы­лық біл­діріл­ген. Демо­кра­тия рей­тин­гі 2008 жылғы әлем­дік қар­жы дағ­да­ры­сы­нан кей­ін қат­ты құл­ды­раған еді. Бұл жолғы құл­ды­рау – содан бер­гі ең үлкен екін­ші төмен­деу. Қатып қалған авто­ри­тар­лық режим­дер­дің рей­тин­гі демо­кра­тия орны­ққан елдер­ден жоға­ры болуы рей­тинг тарихын­да бірін­ші рет тір­келіп отыр.

Ұлы­бри­та­ния мен АҚШ-тағы попу­ли­стер­дің жеңісі пост­со­вет­тік кезең­де орнаған тәр­тіп­ті шай­қал­тып, Еуро­па мен Еура­зи­ядағы тұрақ­сызды­ққа қаты­сты қауіп­ті күшейт­ті. Freedom House 2016 жыл­ды кей­ін­гі 10 жыл бойы «транс­ат­лан­ти­ка­лық тәр­тіп­ті шай­қал­ту үшін Еуро­па мен АҚШ-тағы попу­ли­стер­ді қол­дап кел­ген» Ресей пре­зи­ден­ті Вла­ди­мир Путин­нің жеңіс­ке жет­кен жылы деп атай­ды.

Баян­да­ма­да Ресей эко­но­ми­ка­сын­дағы ұза­ққа созы­лған тоқы­ра­уға қара­ма­стан, Путин «Батыс пен Ресей­дің ықпал аймағы ретін­де Еуро­па­ны жаңа­дан бөліс­ке салу­ды көз­де­ген мақ­са­ты­на жету­ге мүл­де жақын қалған сияқты көрі­неді» делін­ген.

Қазір Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев – «Еура­зия елдері ішін­де билік­те ең ұзақ оты­рған бас­шы», сон­ды­қтан оның қаза­сы­нан кей­ін елде билік­ке өза­ра талас бол­май­ты­ны­на кепіл­дік жоқ. «Жеке-дара билік жүй­есі тұлға маңы­на шоғыр­ла­на­ты­ны бел­гілі, ал эли­та өза­ра бекіт­кен, билік­ті сақтап қалу неме­се беру жай­лы келісім­дер болжап бол­май­тын бағыт­тар­да құр­ды­мға кетуі мүм­кін» делін­ген баян­да­ма­да.

Кей­ін­гі үш жыл­да Қаза­қстан үкі­метін­де жиі болып тұра­тын ауыс-түй­істер мен режим­ді тазар­ту шара­ла­ры «жой­қын қарқы­н­мен» жүр­ді. Мұнай баға­сы мен Ресей эко­но­ми­ка­сы­ның тез қал­пы­на келу мүм­кін­ді­гі аз тұста Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы «қиын заман­ды өткеріп жатыр, сон­ды­қтан ұлт­шыл­дық үндер зорай­ып, күш жинап келеді».

Баян­да­ма­ның кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­ны тал­даған бөлі­мін­де «2017 жыл­дың басын­да ел пар­ла­мент­тік жүй­е­ге көшуі мүм­кін деп жари­я­лан­ды. Бірақ бұл ескі демо­кра­ти­я­лық фаса­дқа жағы­лған тағы бір қабат бояу мен билік­ті нақты бөлуді тағы шек­те­удің әре­кеті тәрізді көрі­неді» деп жазы­лған. Қаза­қстан билі­гі кей­ін­гі кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­ны билік тар­мақта­ры ара­сын­да «өкілет­тік­тер­ді бөлу» және пар­ла­мент пен үкі­мет­тің рөлін күшей­ту деп атаған бола­тын.

Freedom House ұйы­мы құқық қорға­у­шы­ла­ры Әзер­бай­жан, Бела­русь, Ресей, Тәжік­стан, Түр­кі­мен­стан, Өзбек­стан елдері кір­ген «қатып қалған авто­крат­тық режим­дер» тізі­міне алды­ңғы жыл­дар­дағы сияқты Қаза­қстан­ды да енгіз­ген.

Azattyq.org

«КОНТОРА» дәр­мен­сіздік­ті МОЙЫНДАДЫ


ҚР Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті жастар ара­сын­да ради­кал­ды идео­ло­ги­яға қар­сы наси­хат жүр­гі­зу дең­гейі тым төмен деп мәлім етті ҚР ҰҚК-нің төраға орын­ба­са­ры Нұрға­ли Білі­с­бе­ков.

«Ради­кал­ды идео­ло­ги­яға қар­сы үгіт-наси­хат мәсе­лесі про­бле­ма­лы болып қалып отыр. Қар­сы наси­хат­пен қам­ты­лған жастар негізі­нен сту­дент­тер мен оқу­шы­лар. Ал қалған жұмыс жаса­май­тын мар­ги­нал­ды жастар­ды осын­дай қар­сы үгіт-наси­хат­пен қам­ту тым төмен – 10% шама­сын­да», – деді Н. Білі­с­бе­ков өткен сей­сен­бі күні үкі­мет оты­ры­сын­да.

Оның айтуын­ша, «Қаза­қстан аза­мат­та­рын деструк­тив­ті діни ағым­дарға тар­ту өршіп отыр, діни адам­дар­дың ради­кал­да­ну үдерісі жалға­су­да». «Тіке­лей ради­кал­ды діни көзқа­рас­тарға беріл­ген ауди­то­ри­я­ның көзқа­ра­сын өзгер­ту бағы­тын­дағы жұмыстар­ды жүй­е­ге кел­ті­ру қажет­ті­гі бар. Түп­кі мақ­са­ты экс­тре­ми­стік идео­ло­ги­я­ның тара­луы үшін әле­умет­тік база­ны жою болып табы­ла­ды», – деді Н. Білі­с­бе­ков.

Соны­мен қатар ол ради­кал­ды идео­ло­ги­яға қар­сы наси­хат жүр­гі­зу бағы­тын­да нақты нәти­же­лер бар­лы­ғын айт­ты. «Биы­лғы жыл­дың І тоқ­са­нын­да біз Қаза­қстан­ның бір­де-бір аза­ма­тын тер­рор­лық ұйым­дарға қаты­суға шетел­ге жібер­медік. Ол үрдіс Таяу Шығы­стағы оқиға­лар­мен бай­ла­ны­сты, деген­мен біздің де шара­ла­ры­мыз нәти­же беріп отыр», – деп қадап айт­ты Н. Білі­с­бе­ков.

Сон­дай-ақ ол діни экс­тре­мизм мен тер­ро­ризм­ге қар­сы тұруға бағыт­талған 2018–2020 жыл­дарға есеп­тел­ген бағ­дар­ла­ма әзір­ле­ну­де екенін айт­ты.

Қаз­ТАГ

Про­ку­рор Құшақ­ба­евқа ҮШ ЖЫЛ СҰРАДЫ


Аста­на­да өтіп жатқан сот­та про­ку­рор Маңғы­стау облы­сын­дағы Oil Construction Company (OCC) кәсі­пор­ны­ның жұмыс­шы­ла­ры кәсі­по­дағы­ның еңбек инспек­то­ры Нұр­бек Құшақ­ба­ев­ты үш жылға сот­та­уды сұра­ды.

«Азаттық» тіл­шісінің сот­тан хабар­ла­у­ын­ша, сот­тың жарыс­сөз кезеңін­де сөй­ле­ген про­ку­рор Қанат Дәрі­бай Құшақ­ба­ев­ты Қыл­мыстық кодекстің 402-бабы­ның 2-бөлі­гі бой­ын­ша («заң­сыз ере­уіл­ге қаты­су­ды жалға­сты­руға аран­да­ту») айып­ты деп тауып, үш жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру және өзін сотқа бер­ген Techno Trading ком­па­ни­я­сы­на 25 мил­ли­он 200 мың тең­ге көле­мін­де мате­ри­ал­дық шығын өндіріп беру жаза­сын кесуді сұра­ды. Про­ку­рор соны­мен қатар Құшақ­ба­ев­ты кәсі­по­дақ қыз­меті­мен айна­лы­су құқы­ғы­нан үш жылға айы­ру­ды да сұра­ды.

Techno Trading өкілі Нұр­сұл­тан Беген­дік «Қан­дай шешім шық­са да, ком­па­ния шығы­ны өтел­се бол­ды», – деді. Бұдан соң Құшақ­ба­ев­тың адво­ка­ты Төле­ген Шаи­ков сөй­леді. Ол Құшақ­ба­ев­тың жас бала­сы, әйелі барын ескеріп, оған бас бостан­ды­ғы­нан айыр­май­тын­дай жаза кесуді сұра­ды.

Еске сала кет­сек, Маңғы­стау облы­сын­да мұнай сала­сы­на қыз­мет көр­се­тетін Oil Construction Company (OCC) ком­па­ни­я­сы кәсі­по­дақ ұйы­мы­ның жетек­шісі 56 жастағы Әмин Еле­усі­нов пен осы кәсі­по­дақтың еңбек инспек­то­ры 35 жастағы Нұр­бек Құшақ­ба­ев Ақта­уда биыл қаңтар­дың 5-інен 21-іне дей­ін ОСС кәсі­по­дағы кең­сесін­де өткен мұнай­шы­лар­дың жап­пай аштық акци­я­сы кезін­де ұста­лып, Аста­наға жет­кізіл­ген соң, екі айға қамауға алы­нған. Аштық жари­я­лаған мұнай­шы­лар Қаза­қстан тәу­ел­сіз кәсі­по­дақта­ры кон­фе­де­ра­ци­я­сын тір­ке­уді талап еткен бола­тын. Министр Тама­ра Дүй­се­но­ва мұнай­шы­лар­дың Қаза­қстан тәу­ел­сіз кәсі­по­дақта­ры кон­фе­де­ра­ци­я­сы заң­на­маға сәй­кес беріл­ген 2015 жыл­дан бастап бір жарым жыл ішін­де толық тір­ке­уден өте алмаған­ды­қтан тір­кел­ме­генін айта­ды.

Әмин Еле­усі­нов­ке Қыл­мыстық кодекстің 189-бабы­ның 4-бөлі­гі бой­ын­ша («сеніп тап­сы­ры­лған бөтен мүлік­ті ием­де­ну неме­се талан-тара­жға салу»), Нұр­бек Құшақ­ба­евқа – 402-бап­тың 2-бөлі­гі бой­ын­ша («заң­сыз ере­уіл­ге қаты­су­ды жалға­сты­руға аран­да­ту») айып­тар тағы­лған.

Azattyq.org