GGG vs Canelo: Үшінші жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Астана, BAQ.KZ. Альварес мамыр айында рингке қайта оралуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Sports.kz порталы хабарлайды.





Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварестің 2019 жылы екінші жекпе-жегі оның туған елінде өтуі мүмкін. Сондай-ақ, алдағы қыркүйек айында WBC пен WBA-ның орташа салмақтағы қазіргі чемпионы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізеді деген болжам бар. Бұл кездесудің өтуін Саульмен келісімшарт жасаған DAZN стримингтік сервис басшылығы да қалап отырғаны белгілі.


Өткен демалыста Альварес британдық Рокки Филдингті нокаутпен жеңген болатын. Ол рингке мамыр айында қайта оралуды жоспарлап отыр.


«Golden Boy Promotions» Канелоның келесі жұдырықтасуы үшін 4 мамырға Лас-Вегастағы T-Mobile Arena алаңын броньдап қойды. Алайда, 14 қыркүйекте оның кезекті жекпе-жегі Мехикода өтуі мүмкін. Golden Boy президенті Эрик Гомес 1993 жылы 130 мыңға жуық көрермен алдында Хулио Сезар Чавес Грег Хаугенмен төбелескен «Ацтек» стадионының өкілдері осы мүмкіндікті іске асыру үшін онымен байланысқа шыққанын айтты», — деп жазады ақпарат көзі.



Источник: “https://baq.kz/kk/news/sport/ggg_vs_canelo_ushinshi_zhekpezhegi_otetin_kun_belgili_boldi20181219_104300”